Қазір жоғары оқу орнын тәмамдаған жастарға мамандық бойынша жұмысқа тұру қиын. Себебі университет оларға 4 жылдан кейін қажетіне асатын дағдыларды үйретпей, теориямен шектеледі. Жоғары білім саласының негізгі клиенті — жұмыс беруші болғандықтан олардың талабы да ескерілмей келеді. Қазіргі таңда, жұмыс берушілерді де білім бағдарламаларының өзектілігі мен сапасы алаңдатып отыр. Атамекен ҰҚП-ның соңғы мәліметіне сүйенсек, жалпы алғанда жұмыс берушілердің 68 пайызы қазіргі оқу бағдарламасына көңілдері толмайды. Қазақстанда 60-тан астам ЖОО-да оқыған түлектердің жартысы жұмыссыздар қатарында.
Осы орайда, «Жұмыс берушілердің университет түлектеріне көңілі тола ма» деген тақырып ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты ADAL BILIM жобалық офисінің алаңындағы талқыланды. Тікелей эфир...