Әділет вице-министрі ұзақ уақытқа созылған Стати ісіне қанша бюджет қаражаты жұмсалғанын нақты айта алмады. Ботагөз Жақселекова қаржы мәселесі коммерциялық құпияға жататынын мәлімдеді.
Вице-министрден БАҚ өкілдері Стати ісіне жұмсалған қаржы көлемін ведомство не себепті құпия ұстайтынын сұрады.
«Бұл халықаралық арбитраждық іс бойынша рәсімдер әлі аяқталған жоқ. Коммерциялық құпияны құрайтын кейбір нәрселер бар. Осы істі қарау сатысында жария етуге жатпайтын кейбір жайттар бар. Сондықтан менің әріптестерім ұсынуға болатын ақпаратты береді», – деді Әділет вице-министрі Сенат кулуарында.
Еске салсақ, осыған дейін «Ақ жол» фракциясының депутаттары Стати дауына Қазақстан қанша қаржы жұмсағанын, кімді байытып жатқанын ашық жариялауды сұрап депутатты...