ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі – ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш қаңтар оқиғасы бойынша неге жауапқа тартылмағанын айтты.
«Cамат Әбіш қайда? Ол неге жауапқа тартылмады?», деп сұрады журналист Мәжілістің жалпы отырысынан кейін.
«Бұл сұраққа жауабым қысқа болады. Сұраққа жауапқа беруге құзыретім жетпейді. Құқықтық бағаны құқық қорғау органдары, Бас прокуратура берді. Іс бойынша тергеуді ведомствоаралық жедел тергеу тобы жүргізді», – деді төраға орынбасары.
Сондай-ақ ол Самат Әбіштің қазір қайда екенін білмейтінін айтты.
«Білмеймін. Пікір білдіре алмаймын. Ол кісі жұмыстан кетіп қалды. Қателеспесем, Самат Әбіш...