Фото: kursiv.media
Экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың компаниясына тиесілі Атырау қаласындағы «Сұйытылған мұнай-газды сақтау паркінің» 50% акциясы Атырау мұнай өңдеу зауытына қайтарылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады.
«Сот шешімі бойынша АМӨЗ меншігіне Атырау қаласындағы Сұйытылған мұнай-газ сақтау паркінің 50% үлесі қайтарылды», – делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.
12 мамырдағы жағдай бойынша, мемлекеттік деректер базасына Атырау қаласындағы «Сұйытылған мұнай газды сақтау паркінің» құрылтайшысы ретінде Тимур Құлыбаевқа тиесілі «Joint Technologies» компаниясымен қатар тағы 2 заңды тұлға көрсетілген. Яғни, парк акцияларының бір бөлігі ҚМГ-ның еншілес кәсіпорны – Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Талғат Жұмаділлаевке...