Қазақстанның Энергетика министрлігі Қашаған ірі мұнай кен орнын игерумен айналысып жатқан акционерлерге құны 13 миллиард долларды құрайтын даулы мәселеге қатысты арбитражға жүгінетінін хабарлады. Бұл туралы осы мәселеден хабары бар ақпарат көздеріне сілтеме жасап, Bloomberg агенттігі хабарлады.
Бұл мәлімдеме мәселені келіссөздер арқылы шешуден үміттенген трансұлттық компаниялар үшін соққы болды деп жазады басылым.
Ақпарат көздерінің дерегінше шілде айында үкімет арбитражды тоқтатуы мүмкін дегендей ишара танытқан. Алайда, тараптар арасында мәселені келіссөзбен шешу мүмкіндігі бола тұра министрлік инвесторлар тарапынан жасалған тиімді ұсыныстан бас тартқан. Ол бойынша инвесторлар Қазақстанды сотқа шағымдану райынан қайтару үшін инвестициялық міндеттеме алуды уәде еткен.
Қашағанға 55 млрд доллар...