Шетелдіктердің Қазақстанда ықтиярхат алуын жеңілдететін сұранысқа ие кәсіптер тізбесі бекітіліп, бұйрық ресми күшіне енді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығына сүйенсек, Қазақстанда шетелдіктердің тұрақты тұру үшін талап етілетін кәсіптер тізбесі едәуір кеңейген. Бұрын 21 мамандық болса, ендігі тізімде 51 мамандық бар.
Жаңа тізімде гинекологтар, педиатрлар, диагностика дәрігерлері, бірқатар IT-мамандықтар (мобильді қосымшалар мен компьютерлік ойындарды әзірлеуші, жасанды интеллект жөніндегі инженер, қосымшалар құрастырушы, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі маман), сондай-ақ креативті индустрия саласының қызметкерлері (графикалық дизайнер, суретші-иллюстратор, дыбыс операторы, бейнемонтажер) және т. б. мамандық иелері бар.
Тізбеде көрсетілген мамандықтары бар шетелдіктер ішкі істер органдарында тұруға ықтиярхатты оңайлатылған тәртіппен ресімдей алады. Тұруға ықтиярхат...