Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров тасқын судан қирап қалған қора-қопсыларды қалай қалпына келтіруге болатынын айтты. Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте сөз етті.
«Дәл қазір маңызды мәселе ретінде, ең алдымен, қираған үйлер мен мал басын қалпына келтіру жұмыстары тұр. Ал қора-қопсыға қатысты өтініш-талаптар түскен жоқ. Ал келіп түсетін болса, қарастырамыз», – деді министр.
Айдарбек Сапаров «қарастыру» деген сөз қора-қопсыны қалпына келтіруге қаржы бөлуге дайынбыз деген сөз емес екенін айта кетті.
«Ол үшін бізге құжат түсуі керек. Оның барлығын Құрылыс комитеті шешеді»,– деді Сапарбаев.
«Бұл жерде қарастыру керек. Бүгін «келісемін» немесе «келіспеймін» деп...