ДДҰ басшысы Тедрос Адан Гебрейесус әлемдегі COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимінің аяқталғанын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
«Кеше Төтенше жағдайлар комитеті өзінің 15-ші кездесуін өткізді және маған халықаралық алаңдаушылық туғызатын денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайдың аяқталғанын жариялауды ұсынды. Мен бұл ұсыныспен келістім», – деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Женевадағы брифинг барысында.
Т.Гебрейесус пандемия кезінде ДДҰ-ның бағалауы бойынша коронавирустан 20 миллион адам қайтыс болды деп хабарлады.
Қазақстанда пандемия жарияланған алғашқы күннен бастап ведомствоаралық комиссия құрылды, онда 2 мыңнан астам жедел және ұтымды шешімдер қабылданды. Комиссия халықтың денсаулығын COVID-19-дан...