Фото: kursiv.media
2023 жылғы 1 маусымнан еліміздің кейбір аймақтарында электр энергиясының тарифі көтеріледі. Еліміздегі 47 энергия өндіруші ұйымның 27-сі шекті тарифті түзетуге өтінім берген. Соның ішінде 20 энергия өндіруші ұйымның тарифі бұрынғы деңгейде сақталады, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.
«Өтінімдерді қарау кезінде Энергетика министрлігі әрбір жеке жағдайда жеке тәсілді қолданды. Энергия өндіруші ұйымдарды негізгі және қосалқы жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды ауқымды жөндеу жүргізе отырып, алдағы жылыту маусымына дайындаумен байланысты уақтылы шешуді талап ететін өтінімдер назарға алынды», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдарының генерациялаушы қуатының тозуы шамамен 58%-ды құрайды. Соның ішінде бірқатар...