Фото: Ақорда
Халықаралық футбол федерациясы үздік халықаралық тәжірибесін бөлісуге және Қазақстандағы футболдың дамуына атсалысуға дайын. Бұл туралы Халықаралық футбол федерациясының президенті Джанни Инфантино мәлімдеді. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ФИФА басшысын қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
«Еліңізге бірнеше рет келгенмін, бірақ ФИФА президенті ретінде алғаш рет келіп тұрмын. Осы себепке орай сізбен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Бұл тамаша елдегі әрбір футбол жанкүйері сияқты Сіз де футболды ұнататыныңызды білемін. Біз бірлесе отырып, көптеген ауқымды істерді атқара аламыз. Қазақстан тек аймақта ғана емес, әлемдік деңгейдегі өте маңызды елге айналды. Қазақстан – ФИФА үшін сенімді серіктес. Біз бірге...