Қазақстаннан сұйытылған газды әкетуге тағы жарты жылға шектеу енгізілді. Энергетика министрінің міндетін атқарушы «сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды.
Тиісті құжатта Қазақстан аумағынан автомобиль және темір жол көлігімен сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілетіні айтылған.
Бұл шектеу шаралары мынадай жағдайларда қолданылмайды:
Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не Салық Кодексінің 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие ҚР Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалану келісімшарты шеңберінде өндірісті жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылар әкеткенде; ҚР халықаралық шарттары негізінде Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан өндірілген (қайта өңделген) тауарларды әкету; ҚР шегінен...