Қазақстанның байланыс операторы 3 жыл қатарынан 5G жиілігіне көше алмайды. Бұл жайлы Сенат отырысында ЦДИАӨМ вице-министрі Асхат Оразбек айтты.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елдегі 5G жиілігінің бір ғана компания иелігіне өтіп кеткенін айтты. Мұндай жағдайда монополия мәселесін шешу қиынға соғатынын айтып, Цифрлық министрлік өкілінен бұл проблеманы қалай шешетінін сұрады. Айтуынша, министрлік бұл жиілікке аукцион өткізген. Салдарынан 5G диапазондары «Қазақтелеком» компаниялар тобына өтіп кеткен.
«Байланыс нарығын демонополизациялау күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе. Бізде бұл нарықта бірнеше компания басымдыққа ие. Егер ұялы байланыс туралы айтар болсақ, бізде дамудың келесі кезеңі ретінде 5G жиілігіне өту тұр. Бірақ елде...