14 тамыз Ашық нормативтік актілер порталына қойылған «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №724 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулының жария талқылау уақыты аяқталады. Сонымен, 2017 жылы басталған жоба биылға дейінгі уақыт аралығында қазақ қоғамына не берді. Бөлінген қаражат пен алға қойылған мақсаттың үдесіне жұмыс істей алды ма? «Курсив» тілшісі осы сауалдарға қатысты сарапшылардың пікірін білді.
Бағдарлама өз миссиясын атқара алды ма?
Бұл тұрғыда сарапшылардың пікірі де біржақты сияқты көрінеді. Белгілі қоғам қайраткері, кезінде Президент әкімішлігі Ішкі саясат бөлімінде сектор меңгерушісі, кейін Атырау облысы мен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған Шыңғыс...