Шымкент қаласының прокуратурасы балалардың сауықтыру лагерлерінің қызметінен балалардың өмірі мен денсаулығына кері әсер ететін бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, «Hawaii» лагері өртке қарсы дабыл жүйесімен жабдықталмаған және міндеттелген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істеген. 2023 жылы бұл лагерьге 478 баланы орналастырылған.
Сонымен бірге 220 бала орналастыруы тиіс «Үш бұлақ» лагері іс жүзінде 310 оқушы қабылдаған. Нәтижесінде бір баланың ұйықтайтын орны 4 шаршы метрдің орнына 2,8 шаршы метрге дейін қысқарған.
Лагерьлерден бұдан басқа кемшіліктер анықталған.
«Лагерьлердің көптеген қызметкерлері еңбек шартынсыз жұмыс істеген, медициналық қызметті біліктілігі жоқ және медбике маманының сертификаты жоқ адам көрсеткен...