Фото: kursiv.media
Жер қойнауын пайдалану саласына жаңа саясат қажет
MINEX Kazakhstan-2023 XIII Минералды-шикізаттық ресурстық базасын арттыруға арналған форум кезінде жер қойнауын игеру мен аса маңызды пайдалы қазбалардың өндірісін дамытуға қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шарханның айтуынша, пайдалы қазбалардың қоры жағынан еліміз үздік мемлекеттердің қатарында. 2017 жылы жүргізілген құқықтық реформа арқылы геологиялық барлауға жеке инвестицияларды тартуға жол ашылды.
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде 700-ден астам отандық юниор компания құрылып, сондай-ақ республикаға әлемдік нарықтың ірі ойыншылары тартылды. Қазір белгіленген учаскелерде зерттеу жұмыстарын нығайтып, геологиялық мәлімет алудың перспективаларын айқындау үшін мемлекеттік бюджеттің есебінен жер қойнауына мемлекеттік...