Гавай аралдарындағы өрттен қаза тапқандар саны 67 адамға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Басқа жүздеген адам жоғалғандар тізімінде, сондықтан құрбандар саны тағы өсуі мүмкін.
Коменданттық сағат Лахайнада күн сайын жергілікті уақыт бойынша 22.00-ден 06.00-ге дейін жұмыс істейді, ал қаланың ең көп зардап шеккен бөлігі іздеу-құтқару қызметтері үшін әлі де шектеулі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ сенаторы әлеуметтік желіде Лахайна «толығымен дерлік өртеніп кеткенін» айтқан болатын.
Лахайна орналасқан батыс Мауи әлі күнге дейін электр қуаты мен сусыз отыр.
«Лахайна қираған аймаққа айналды. Олар (тұрғындар) өз өмірлерінде бұрын-соңды мұндайды көрмеген», – деді апаттан кейін қалаға келген губернатор Джош Грин...