Жылу энергиясы үшін 957,8 млн теңге қаражат тұтынушыларға кері қайтарылады. Бұл жайлы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетініңжәне оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу бойынша жұмыстарды аяқтаған. Нәтижесінде осындай көлемдегі сомаға қайта есептеу жүргізілен. Бұл жұмыстар табиғи монополиялар саласындағы заңнама нормаларына сәйкес жүзеге асырылған.
«Қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты есептеуді қайтару халықтың дербес шотында жылу маусымында, яғни 2023-2024 жылдар арылығында немесе 2023 жылдың соңына дейін аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен жазылады»,делінген баспасөз хабарламасында.
Белгіл...