Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ProTenge Telegram-арнасының бас редакторы Жәмила Маричева мен журналист Асхат Ниязовқа қатысты іс туралы түсініктеме берді.
Оның айтуынша, Ақпарат министрлігі Жәмила Маричеваға қатысты шағым түсірмеген.
«Мәдениет және ақпарат министрлігі өз құзыреті шегінде медиа-кеңістікте мониторинг жүргізу барысында «ProTenge» телеграм-арнасында ақпарат таралу фактісін анықтады (оны А.Ниязов репост жасаған). Алайда кейін оны мемлекеттік органдар теріске шығарды. Бұл материал дәйексіз деп танылуы мүмкін басқа материалдармен бірге бағалау және тиісті әрекет ету үшін ішкі істер органдарына жіберілді», – делінген министрдің Facebook-тегі жазбасында.
Ол жалған ақпарат таратуға байланысты фактілер бойынша одан әрі құқықтық баға беру, тиісті шаралар қабылдау ішкі істер органдарыны...