Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Энергетика министрі А. Сәтқалиев пен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры Р. Гросси Қазақстан мен АЭХА арасындағы 2023-2028 жылдарға арналған елдік негіздемелік бағдарламаға (Country Programme Framework) қол қойды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Елдік негіздемелік бағдарлама Қазақстан мен АЭХА арасындағы техникалық ынтымақтастықты орта мерзімді жоспарлау үшін негіз болады.
«2023-2028 жылдарға арналған жаңа бағдарлама техникалық ынтымақтастықтың жинақталған тәжірибесін ескере отырып әзірленді және онда Қазақстанның өзінің алғашқы атом электр станциясын салуды жоспарлап отырған ел ретіндегі мәртебесі ескерілді. Бағдарламада төрт басым бағыт анықталған: ядролық-энергетикалық инфрақұрылым, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, азық-түлік қауіпсіздіг...