Қазақстанға турист ретінде келіп, Ресей арқылы Еуропаға бармақ болған шетелдік 5 азамат ұсталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, ҰҚК ШҚ БҚО бойынша департаментінің шекарашылары ұстаған шетелдіктер өткізу пункттерінен тыс жерден Ресей аумағына қарай өтіп кетуге талпынған.
«Аталған адамдар Қазақстан Республикасына әуе жолымен турист ретінде келген. Алдын ала мәлімет бойынша олар жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан. Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды», делінген хабарламада.
Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрлігі шетелдік туристердің елімізде орта есеппен қанша күн аялдайтынына қатысты ақпарат таратқан...