Оңтүстіктегі су тапшылығы шаруалар үшін ауыр тиді. 4 мың га пияз бен қант қызылшасы алқаптарына қауіп төніп тұр. Ал Қырзыстан тарабы суды келісілген мөлшерде жібермей қойды. Бұл мәселе ҚР Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі Ғалидолла Азидуллиннің Жамбыл облсына жұмыс сапары барысында көтерілді.
«Бүгінгі таңда Талас су торабындағы су көлемі коллекторлық сулармен толтырғанның өзінде 7,26 м3/сек құрайды, пропорционалды үлестердегі су және су айналымы әдісімен Жамбыл және Байзақ аудандарына бөлінеді, Талас ауданы суарудан толығымен ажыратылып отыр. Суармалы судың тапшылығын Байзақ, Талас және басқада Жамбыл аудандары сезінеді, іс жүзінде Киров су қоймасынан судың жеткіліксіз жетуіне байланысты шамамен...