Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті «Бозашы мұнай» ЖШС команиясына қарасты «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнындағы өртті сөндіру бойынша жағдайды баяндады.
«2023 жылы 9 маусымда Маңғыстау облысындағы «Оңтүстік Қаратұрын» кенорнында болған өрттен кейін барлық қолда бар ресурстар жұмылдырылды. Өрт салдарын жою үшін «Бозашы мұнай» ЖШС, кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің «Ақ Берен» Маңғыстау облыстық филиалы, «Өртке қарсы қызмет & Fare Safety» ЖШС және басқа да компаниялардың басшылығынан қүрылған Штаб құрылды. Оқиғаның себептерін анықтау үшін Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ халықаралық Halliburton және Schlumberger компанияларымен кеңесу барысында апатты жоюдың түрлі тәсілдер...