581 тікелей халықаралық рейс Қазақстаннан апта сайын жүзеге асырылады. Тікелей әуе қатынасы 117 бағыт бойынша 31 мемлекетке орындалады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.
Атап айтқанда рейстер Түркия, БАӘ, Грузия, Германия, Египет, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Польша, Ұлыбритания, Мальдив аралдары, Таиланд, Вьетнам, Катар, Кувейт, Моңғолия, Үндістан, Иран, Пәкістан, Бахрейн, Оман, Черногория, Греция, Италия, Қытай және т.б. елдерге шығады.
Жаңа бағыттарды ашу және қолда бар бағыттар бойынша қосымша рейстерді іске қосу бағытында жұмыстар үнемі жүргізілуде. Соңғы уақытта Катар, Египет және Қытайға әуе рейстерінің жиілігі артты.
Шілде айының басынан бастап SCAT әуекомпаниясы Пәкістанға «Алматы – Лахор» бағыты бойынша (аптасына 2 рейс...