Фото: ашық дереккөзден
Павлодар облысының экс-әкімі Ғалымжан Жақиянов осындан 20 жыл бұрын өзіне қарсы ашылған істердің «қылмыс құрамы жоқ» деген тұжырыммен ресми түрде жабылғанын айтып, Қазақстанда ешкім биліктен басқаша ойлағаны үшін қудаланбауы керек деп мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, 20 жыл бұрын оған қатысты қозғалған қылмыстық істердің жақында қайта көтерілген. Алайда Жақиянов мәселенің құқықтық жағы анықталмағанша пікір білдірмеген.
«Алдымен айтарым, бұл істердің бәрі мен Құсмұрын колониясында отырған кезімде ашылған. Сондағы Назарбаевтың тапсырмасымен колонияға келген шабармандар, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары өздерінің мақсаттарын жасырмады. Олар мені саясаттан және Қазақстандағы...