Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, нақты секторға берілетін кредит азайып жатқанда банктер тұтыну несиесімен әуестеніп кетті. Айтуынша, былтыр негізгі капиталға салынған қаражат ішкі жалпы өнімге шаққанда небәрі 15 пайыз болды. Президенттің пайымынша, бұған негізінен еліміздегі банктердің экономиканы дамытуға белсенді атсалыспауы себеп болып отыр.
«Мұндай ахуал Үкіметті тікелей қаржыландырумен, кепілдік және субсидия берумен айналысуға мәжбүрлейді. Бұл тәсіл тиімсіз, көп қаражатты талап етеді әрі нарықтық экономика қағидаларына қайшы келеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ал, банктердің тұтынушылық несиеге басымдық беруі азаматтардың шектен тыс қарызға батуына әкеп соқтырды. Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң бұл мәселені біршама реттегенімен ахуалды біржола түзеу...