Жоғарғы сот Назарбаевтың күйеу баласы, олигарх Тимур Құлыбаевтың «Торговый дом «ТЭК-КАЗАХСТАН» компаниясы иелік ететін, заңсыз жекешелендірілген жанармай қоймаларын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қайтару туралы шешім шығарды.
«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2002 жылғы 20 маусымдағы қаулысы, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2002 жылғы 7 тамыздағы шешімі (жекешелендіру мәмілесін заңды деп тану туралы) бұл жағдайда күшін жою керек. Іс бойынша Оңтүстік-Шығыс облыстық көлік прокурорының талап арызын қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдансын. 2001 жылғы 5 қарашада «ҚТЖ» РМК мен «ТЭК-Алматы» ЖШС арасында жасалған материалдық-техникалық отын қоймаларын сату-сатып алу мәмілесі жарамсыз деп...