Жапония Қытайдың теңіз өнімдеріне тыйым салуынан кейін зардап шеккен балықшыларға 130 млн еуро бөлді
ҚХР Жапониядан балық пен теңіз өнімдерін әкелуге тыйым салған болатын. Сондықтан Жапония Үкіметі балық өнеркәсібін қолдау шаралары аясында шамамен 130 миллион еуро бөледі, деп хабарлайды Интерфакс ру сайты.
Негізгі көмектің жалпы сомасы 500 миллион еуро көлемінде.
Бұған дейін Қытайдың кеден басқармасы Жапониядан барлық теңіз өнімдерін импорттауды тоқтата тұратынын жариялады. Бұл шешім Жапонияның атом электр станциясынан мұхитқа су ағызғаннан кейін қабылданды.
Жапония Үкіметі 24 тамыздан бастап балықшылар мен көрші елдердің, соның ішінде Қытайдың наразылығына қарамастан атом электр станцияларынан Тынық мұхитына су ағызуды бастады.
Бейжіңде Жапония шешімін «халықаралық қауымдастықтың елеулі қарсылықтарына» қарамастан, суды төгу басталғанын атап өтті және бұл Халықаралық қоғамны...