«Урбостиль» ЖШС директоры Любовь Нысанбаева Мемлекет басшысына облыс орталығының аумағы 2050 жылға қарай 19 мың гектарға ұлғайып, халық саны 200 мың адамға жетеді деген болжам жасалып отырғанын айтты. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Қаланы дамыту және жаңа мәдени-қоғамдық орталық салу үшін «Жаңа-Іле» алаңы таңдалып алынды. Онда әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени, тұрғын үй, білім беру және рекреациялық нысандар салу көзделген.
Жүйе құраушы кластерлер мен кәсіпорындарда 20 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бұл 30 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтитын көптеген шағын және орта бизнес субъектісінің құрылуына ықпал етеді.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Мемлекет басшысына қоғамдық жағажайды абаттандыру жобасын таныстырды.
Әкімнің айтуынша, бірегей...