«Қазақстан» шахтасындағы өрт салдарынан болған топтық апатты тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы әлі де жалғасып жатыр. ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша қазір мамандар сараптама жүргізіп жатыр.
«Қазір шахтаның апаттық участкесінде 13 бөгет тұрғызылды. Тағы 11 бөгет тұрғызу бойынша жұмыстар жалғасуда. 27 тау-кен құтқарушы және шахтаның 45 жұмыскері жұмылдырылған. Сонымен қоса, тау-кен құтқарушыларымен өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын жалғастыруда», делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша газ мөлшері бақылауда. Жұмыс орындарында температура көрсеткіштерінің нашарлауы байқалмаған.
Еске сала кетсек, 17 тамыз күні «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Қазақстан» шахтасында апат болды. Мұнда конвейер таспасынан өрт шықты. Өрт салдарынан 5 кенші опат болды.
...