Мемлекет 15 түрлі жеңілдік санатына кіретін 11,7 млн адамға МӘМС төлейді. Бұл жайлы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан айтты.
«Қазақстанда әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бірінші кезекте азаматтардың әлеуметтік және экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы әрі қолжетімді медициналық көмектің жалпыға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігінен туындады. Денсаулық сақтауды қаржыландырудың жаңа тетігін құру және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар мен аударымдар аудару арқылы мемлекет, жұмыс берушілер және халық арасында қаржылық жүктемені әділ бөлу көзделді. Бұл ретте мемлекет МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан әрбір азаматқа қолжетімді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етумен қатар, халықтың әлеуметтік...