Қазақстанның даму банкі 62,5 млрд теңге қаражатты 7% мөлшерлемемен өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына береді. Бұл жайлы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары жылдық 7%-ға дейінгі қол жетімді мөлшерлеме бойынша ала алатын 62,5 млрд теңге мөлшерінде қаражаттың бар екендігі туралы хабарлайды. Қаражат айналым капиталын толықтыруға және отандық шикізат емес тауарлардың шетелге экспортын қолдауға арналған. Қарыздың рұқсат етілген сомасы – 1 млрд-тан 7 млрд теңгеге дейін», делінген баспасөз хабарламасында.
Кәсіпорындар алынған қаражатты шикізат пен материалдарды сатып алуға, сондай-ақ өнім өндірумен байланысты ағымдағы шығындарды төлеуге жұмсай алады. Қарыз мерзімі – қаржыландыруды ұзарту...