«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметі бойынша, қазақстандықтар шетелдік турларға депозит пен алдын-ала төлем ретінде 4,6 млрд төлеп қойған Коронавирус пандемиясына байланысты бұл турлардың жүзеге асуы екіталай болып тұр.
Төленген қаржы қайда?
Өз клиенттерінің шетелге саяхатын ұйымдастыру үшін, туристік агенттіктер арада делдал бола отырып, серіктестері: туроператор, авиакомпаниялар, қонақүйлерді тартады. Сондықтан тур үшін клиенттен алған ақшаны бірден контрагенттеріне аударады. Сонымен қатар, «Атамекеннің» мәліметтері бойынша, авиакомпанияларға төленген салымдар сомасы – 1,9 млрд теңгені, қонақүйлерге аударылған ақша 2,7 млрд теңгені құраған. Әр серіктестің өз ережесі мен жұмыс стилі, ақша қайтару шарттары бар. Эпидемияға байланысты олардың көпшілігінің қызметі тоқтап тұрғандықтан, дәл қазір ақшаны қайтарып бере...