Рио-де-Жанейродағы әйгілі «Маракана» стадионы COVID-19 індетін жұқтырғандар үшін ауруханаға айналды. Бұл туралы CNN хабарлайды.
Алдағы күндері Сан-Паулодағы «Паакембу» стадионы мен Бразилияның тағы 10 спорт аренасы далалық ауруханаға ауыстырылады.
Рио-де-Жанейродағы әйгілі «Маракана» стадионы COVID-19 індетін жұқтырғандар үшін ауруханаға айналды. Бұл туралы CNN хабарлайды.
Алдағы күндері Сан-Паулодағы «Паакембу» стадионы мен Бразилияның тағы 10 спорт аренасы далалық ауруханаға ауыстырылады.
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті. Мемлекеттік комиссия биыл 28 наурыз күнгі сағат 00.00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту туралы шешімді бекітті, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.
Нақты айтқанда:
Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу; Халық көп жиналатын орындарды жабу (саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б.); Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу; Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу (отбасы мүшелерінен басқа); Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салынады.Ал Шымкент қаласындағы Абай ауданында «Тәуелсіздікке...
Пандемияның жаңа түріне байланысты американдық Apple компаниясы жаһандық сұранысқа ие болған 5G iPhone шығарылымын кейінге қалдыруы мүмкін. Бұл туралы РБК Nikkei Asian Review-ке сілтеме жасап жазады.
Компания ішінде телефон шығару жұмысы бірнеше айға кешігетіні туралы пікірталастар болған.
«Қазіргі жағдайда тұтынушылар телефондарын жаңарту көрсеткіші төмендеген. Соған орай, Apple жеткізілім деңгейі де азайған. Apple компаниясы үшін бірінші 5G iPhone сұранысқа ие болуы керек екен», – деп жазады ақпарат көздердің бірі.
Apple бір жылдан бері өзінің ең ірі бәсекелестері – Samsung пен Huawei-дің 5G-ге ие смартфонынан артта қалды. 2020 жылдың басында компания 5G iPhone-нын шығаруды мақсат еткен. Сөйтіп...
Мемлекеттік комиссия карантин кезінде көшеде жүру ережесін қатаңдату мәселесін қарастырады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
«Соңғы кезде адамдардың дала жүргені үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы екі мыңнан аса сұрақ келіп түсті. Бұл мәселені мемлекеттік комиссия қарап жатыр. Комиссия отырысы бүгін өтеді, оның қорытындысын БАҚ-та жариялайтын боламыз», – деді ол.
Қазіргі кезде Қазақстан бойынша 109 науқас коронавирус індетін жұқтырған. Тек соңғы тәулікте ғана Нұр-Сұлтан қаласында – 9 адам, Алматы каласында 6 пациенттің вирус жұқтырғаны анықталған. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында – 61 адам, Алматы қаласында – 40, Қарағанды каласында – 2, Шымкент қаласында – 2, ал Алматы...
Эпидемияның бірнеше айынан кейін Ctrip платформасының мәліметі бойынша, Қытайда ең көрікті орындардың шамамен 40% -ы ашылған екен. Сонымен бірге, инфекцияның таралу қаупін ескере отырып, туристік нысандардың басшылары қонақтардан температураны тексеріп, бетперде киіп, кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтауды сұрап отыр. Көптеген келушілердің санын бақылау үшін туристер сайт арқылы орындарды брондауда.
Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясының астанасы Шеньянда мұражайлар, оның ішінде Шэньян сарайы мұражайы мен Цин әулетінің бірнеше императорларының сарайы (1644-1911) қайта ашылды. Қытайдың солтүстік-батысында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында 100-ден астам туристік ұйым жұмысын бастады. Туристерді тарту үшін көптеген тау-шаңғы курорттарына кіру ақысын екі есе азайтқан. Сонымен қатар, Қытайдың оңтүстік-батысында Чунцинде Янцзы өзен...
Тағы бір коронавирус жұқтырған науқас Шымкент қаласынан шықты. Жалпы дертке шалдыққандар саны 80 жетті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram желісінде тарады.
Нұр-Сұлтанда – 41 адам, Алматыда – 31, Қарағандыда-2 ,Алматы облысында 1 адам, Ақтөбе облысында – 1,Шымкентте- 2, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақастан облысында -1 науқас анықталды.
Түркістан облысында төтенше жағдай режимін бұзған екі тойдың иесі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал ауданының полицейлері екі тойдың да иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы «Төтенше жағдай режимiн бұзу» бойынша хаттама толтырды. Құжаттар аудандық сотқа жолданды.
Бұған дейін, дәл осы ауданда беташар тойын ұйымдастырған тұрғын анықталып, оған қатысты хаттама толтырылған. Түркістан облысының полицейлері еліміздегі төтенше жағдайға байланысты той жасамауды, денсаулыққа аса мән беру керектігін ескертеді. Дәрігер мамандардың айтуынша, әлемді шарлап бара жатқан вирус адамдар көп шоғырланған жерде тез таралады. Сондықтан ,той мен жиын ұйымдастырудан және оған барудан бас тартып, неғұрлым үйде сақтық шараларын ұстанған жөн.
Алматы облысының тұрғыны төтенше жағдай кезінде көкпар ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстағы елді-мекендердің бірінде жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерге қауіп төндіріп, көшеде көкпар тартқан азаматтардың бейнежазсын полицейлер ғаламтордан тапқан.
Ол жазбаның Шамалған ауылының Жібек-жолы көшесінде түсірілгені белгілі болды.
«Ұлттық ойынның ұйымдастырушысын анықтадық. Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын. Ол көкпарды Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырған. Көкпар – адам жинайтын шара екені белгілі. Төтенше жағдай кезінде ол – тәртіпке бағынбағандық боп саналады. Сонымен қатар, ұлттық ойын жолдың бойында болған. Бұл жерде заңнама талаптары да бұзылып отыр», – деді Қарасай АПБ басшысы Асхат Данияр.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін...
Алматыда індетті тағы үш адам жұқтырды,- деп хабарлайды Kursiv.kz.
«Алматыда коронавирустық инфекцияның тағы үш жағдайы тіркелді», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Елде індетті жұқтырғандардың саны 67-ге жетті. Нұр-Сұлтанда -34 , Алматыда-29, Қарағандыда -2, Алматы облысы-1, Ақтөбе облысысында -1 науқас тіркелді.
Еске салайық, Қазақстанда төтенше жағдай 16 наурыз күні 8: 00-ден бастап Тоқаевтың бұйрығымен енгізілді.
Әлемде коронавирус дертіне шалдыққандар саны 336 мың. Оның ішінде 4 адам COVID-19 жұқтырған, ал 14 мың 641 адам қаза тапты. Дегенмен, бұл індеттен емделіп шыққандар да бар. Олар 98 мыңнан асты,-деп жазады «Интерфакс-Қазақстан».
Еуропада індет ушығып тұр. Ауру мен өлім көрсеткіші бойынша Италия бірінші орында. Дүйсенбі күні коронавирустан өкпесі қабынып 5,476 қайтыс болған. Бұл көрсеткіш сенбі күнімен салыстырғанда 651-ге артық. Барлығы 59 138 науқас тіркелді.
Испанияда 28,768 (1,772 қайтыс болды), Германияда – 24,873 (95), Францияда – 16,044 (674), АҚШ-та – 33,276 (417), Иранда – 21,638 (1,685).
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 62 адам анықталды. Оның 32-і – Нұр-Сұлтанда, Алматыда...
Қытайдағы коронавирус дерті соңғы күндерде біршама бәсеңсіді. Соңғы 4 тәулікте елде вирус жұқтыру жағдайы тіркелмеген. Дегенмен ел үкіметі вирустың екінші толқынының бетін қайтару үшін жұмыс істеуде. Қазірдің өзінде үкімет шет елден келетіндерді Бейжіңге кіргізбеуге шешім қабылдаған. Астанаға бағытталған әуе рейстері басқа әуежайларға жіберілуде.
Жағдай ел экономикасына да кері әсерін тигізді. Қытайдың экспорт және импорт нарығындағы белсенділігі қазір әлдеқайда төмендеп кеткен. Бұл оның өзіне ғана емес, өзге елдерге де қиындық тудырды. Әлбетте, тап қазір қай елдің болмасын экономикасындағы олқылық әлі толыққанды сезіле қойған жоқ. Бірақ вирустың күн санап күш алуы, көп ұзамай әлем елдері экономикасының ауыр дағдарысқа ұшырайтынын аңғартатындай.
Карнеги бағдарламасыны...
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бұйрығымен Айжан Есмағамбетова елдің бас санитар дәрігері болып тағайындалды,-деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
«Біз ақпаратты растаймыз. Министр Елжан Біртановтың бұйрығымен Айжан Есмағамбетова еліміздің бас санитар дәрігер болып тағайындалды. Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің орынбасары (төрағасы) болып қалды», – деді ол.
Бұған дейін Жандарбек Бекшин 11-16 наурыз аралығында Қазақстанға коронавирус келеді деген болжам жасаған. Коронавирустың алғашқы жағдайы 13 наурызда тіркелді.
ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің мәліметі бойынша, елімізде індетті жұқтырғандың саны 52-ге жетті.
Нұр-Сұлтанда коронавирус індетін жұқтырған тағы үш науқас тіркелді.
Қазіргі уақытта, Алматыда -22 адам, Нұр- Сұлтан қаласы бойынша – 28 адам, Қарағандыда -2 науқас тіркелді. Жалпы жұқтырғандардың саны- 52 жетті.
Бұған дейін салмағы бір тоннадан астатын жүкке арналған үлкен қап тіккен «Нефтехим LTD» ЖШС енді негізгі жұмысты сәл кейінге шегеріп, бетперде тігуге көшті. Кәсіпорынның тігін учаскесінің шебері Жанар Диярованың айтуынша, мұнда тәулігіне шамамен 16 мың бетперде дайындалатын болады.
«Елдегі соңғы ахуалға байланысты біздің компания да бетперде тігуге кірісті. Дайын үлгілерді «Мерусар и К» кәсіпорнынан аламыз. Бұл жұмыспен әрқайсысы 20 адамнан құрылған, төрт ауысыммен жұмыс істейтін тігіншілер тобы айналысады. Әр тігінші бір ауысымда 800 бетперде тігіп шығарады деп жоспарланып отыр», – дейді Жанар Диярова.
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов «Нефтехим LTD» кәсіпорнының бұл іске араласуы нәтижесінде аймақта тәулігіне...
Стамбулда Түркіменстаннан келген еңбек мигранттары жасанды арақтан уланған деп хабарлайды түрік CNN агенттігі.
Түркімендер коронавирусты залалсыздандыру үшін алкоголь сатып алған. Алайда оны жаппай ішкен мигранттардың 15 –і уланып қайтыс болды. Ал 60 адам ауыр жағдайда реанимацияға түсті.
Жергілікті полиция қызметкерлері жасанды арақты сатумен айналысатын жеті адамды ұстады.
20 наурызда Түркияда коронавирусты жұқтырғандардың саны 359 жетті. Ал, қаза болған төрт адам тіркелді.
Қазақстанда коронавирусты жұқтырған тағы бес науқас тіркелді, -деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Қазіргі уақытта Республика бойынша, коронавирустың 49 жағдайы расталды. Оның ішінде Алматыда – 22, Нұр-Сұлтанда – 25, Қарағандыда – 2 науқас тіркелді.
Бүкіл әлем бойынша жұқтырғандар саны 243 181 адамды құрайды.
«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Шыңғыс Темір Қазақстандық кәсіпкерлерге Сыртқы сауда палатасынан форс-мажор жағдайы туралы анықтаманы алуға болатындығын мәлімдеді.
«Президент Қасым- Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай енгізу туралы жарлығында бизнестің жекелеген түрлеріне қызметін тоқтата тұруы керек немесе шектеуі қажет деп көрсетілген. Сондай-ақ жарлыққа сәйкес, бұл бизнестің өз қызметін жүзеге асыруға құқы жоқ. Әрі қарай не істеу керек? Форс-мажор жағдайлары туралы куәлік алу үшін кәсіпкерлер Сыртқы сауда палатасына жүгіне алады. Ол үшін біз құжаттарды зерттеудің жеңілдетілген режиміне ауыстық», – деді Шыңғыс Темір онлайн-брифингте.
«Құжаттардың көшірмесін onlain@atameken.kz мекенжайына онлайн жіберуге болады. Сұрақтар бойынша 1432 байланыс орталығына хабарласуға болады...
Нұр-Сұлтанда бүгін коронавирус инфекциясын тағы жеті адам жұқтырды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Алматыда-19 адам, Нұр-Сұлтан қаласында-25 адам. Жалпы науқастар саны 44 жетті.
Карантин кезінде үйде отырып-ақ тіл үйреніп, бағдарламалау негізімен танысып, гуманитар және жаратылыстану ғылымдарын оқуға болады. Алдағы уақытты қалай тиімді өткізуге болатынына қатысты материалдар легін жариялап отырамыз. Оқушылар мен студенттердің демалыста құр жатпай, білім алуына мол мүмкіндік ашылды. Төмендегі сервистер былайғы күні ақылы. Тек карантин біткенше қолдануға рұқсат.
Duolingo — тіл үйренуге мүмкіндік беретін портал. «Яндекс.Практикум» — диджитал мамандықтарды оқытатын портал. Udemy — түрлі өзекті тақырыпта дайындалған жүздеген онлайн-видеокурс. «Нетология» — маркетинг, аналитика, бағдарламалау сынды бағыттар бойынша курстар. Microsoft Learn — заманауи...Алматыда өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапановтың мәліметінше, қалаға тек арнайы қызмет өкілдері ғана кіріп шығады.
«Қарасай ауданында орналасқан қоқыс полигонына 330 көлік ғана барып келе алады. Олар санитарлық тексерістен өтеді. Олардың барлығын жол патруль көліктері алып жүреді. Қазір бізге инкассация көліктері де жүгініп жатыр. Оларды да өткізетін боламыз. Барлық көліктер 27 блок постта санитарлық өңдеуден өтеді»,- Қожағапанов.
«Қала жабық болатындықтан ешқандай рұқсат қағазы болмайды. Комиссия қалаға маңызды жүк таситын көліктер мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін көліктердің кіруіне ғана рұқсат береді. Карантин талабы –осы. Біз бұл вирусты осы қалада жеңуіміз керек», – деді ол.
«Әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны 200 мыңнан асып кетті»,- деп мәлімдеді Worldometer сайты. Сайт оны нақты статистикаға сүйене отырып жариялаған. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан жазады.
Дерт әсіресе бес бірдей елде ушығып тұр. Ол Қытай (80,8 мыңнан астам адам), Италия (31,5 мыңнан астам адам), Иран (16,1 мыңнан асады), Испания (11,8 мың) және Германия (9,8 мың) елдері. Инфекция жұқтырғандардың басым бөлігі сонымен қатар Оңтүстік Кореяда (8,4 мыңнан асады), АҚШ-та (6,5 мыңнан асады) және Францияда (7,7 мыңнан асады).
Жалпы, коронавирус 167 шетелде және аймақта анықталған.
Бұл дерттен қазіргі уақытта 83 мың адам сауығып кетсе, ал 8 009 қайтыс болды.
Ал, Қазақстанда коронавирус алғаш рет...
Бас прокурордың орынбасары Б.Дембав карантин кезінде қойылған талаптарды орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады деп мәлімдеді. Айталық, мұндай әрекеттер абайсызда адамдардың жаппай вирус жұқтыруына немесе адам өліміне әкеп соқса, онда қылмыстық жауаптылық туындайды. Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша, 2 мың АЕК айыппұл салудан бастап, 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағандар үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Үндеуде Қылмыстың Кодекстың 379-бабы бойынша, 2 мың АЕК айыппүл салынады, тіпті 2 жыл бас бостандыған айыру қарастырылыған.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 90-бабына сәйкес, азаматтар медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша тексеруден және емделуден өтуге міндетті»,– деді Б.Дембаев.
«Қырғызстанда коронавирустық инфекцияның алғашқы үш жағдайы тіркелді»,- деп хабарлайды 24.kg.
Бұл туралы бүгін брифингте Денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев мәлімдеді. Коронавирустың елде таралуын болдырмау мақсатында Қырғызстан шетелдік азаматтар үшін шекараны жауып тастады.
Республикаға тек қырғыз азаматтары кіре алады .
SCAT әуе компаниясы 16 наурыздан 15 сәуірге дейін Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты халықаралық рейстер кестесін өзгертті. Бұл туралы әуе компания хабарламасында мәлімдеді.
Форс-мажор жағдайларына байланысты келесі рейстер уақытша орындалмайды:
Ақтау – Тбилиси: 17 наурыз
Тбилиси – Ақтау: 27 наурыздағы рейсті қоспағанда, 17 наурыздан 15 сәуірге дейін
Шымкент – Мәскеу: 18 наурыз
Мәскеу – Шымкент: 18 наурыз
Ақтау – Баку: 17 наурыздан 15 сәуірге дейін
Ақтау – Мәскеу: 18 наурыз
Мәскеу – Ақтау: 19 наурыз
Ақтау – Махачкала: 23 наурыздан 15 сәуірге дейін
Ақтау – Астрахань: 20 наурыздан 15 сәуірге дейін
Нұр Сұлтан – Мәскеу: 19 наурыз
Мәскеу – Нұр...