Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыста түрік инвесторы тарапынан жаңа арнайы экономикалық аймақ құрудың қажеттігіне қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, жылдың соңына дейін, жалпы, 600 млрд теңгені тарту көзделіп отыр екен, бұл 2018 жылғы көрсеткіштерден 5%-ға артық. 2024 жылға қарай, алдын ала жасалған болжамдарға сәйкес, тартылатын инвестициялар көлемі 2,7 есе артып, 1,6 трлн теңгеге жетпек.
«Аймақта жалпы құны 140 миллиард теңгені құрайтын жоғары технологиялық 25 жоба жүзеге асырылуда, олар 2 000-нан астам жаңа жұмыс орындарын ашады. Аса ірі жобалар арасында тартылғын инвестиция көлемі 148 миллиард теңгені құрайтын, жылына 5 миллион тонна құрамында алтын бар кенді өңдейтін қуаты...