Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет кірістері мен шығыстарының теңгерімі жақсарып, фискалдық тұрақтылық қамтамасыз етіледі деп мәлімдеді.
Кірістер өседі, шығыстар тұрақтанады
Министр келтірген деректерге сүйенсек, 2026 жылы республикалық бюджеттің кірістері 19,2 трлн теңге көлемінде немесе ЖІӨ-ге қатысты 10,5% деңгейінде болжануда. Бұл – биылғы жылдың бағалауымен салыстырғанда 4,7 трлн теңгеге артық. Ал 2028 жылға қарай бұл көрсеткіш 23,2 трлн теңгеге дейін өсіп, 20,8%-ға жетеді деп күтілуде.
Жалпы республикалық бюджеттің меншікті кірістермен қамтамасыз етілуі 2025 жылғы 63,7%-дан 2028 жылы 83,5%-ға дейін артады.