Алматы әкімдігі мен қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлескен жұмысы аясында таулы жерлерде заң талаптары мен құрылыс нормаларына мүлдем сай келмейтін салынып жатқан 52 нысан анықталған.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, қаладағы 19 нысан бойынша толық немесе ішінара бұзу, учаскені бастапқы күйіне келтіру және нұсқаманы мәжбүрлеп орындау туралы сот шешімдері заңды күшіне енген.
Оның ішінде Витебская көшесі, 44/3,44 А мекенжайда орналасқан KHAN тұрғын үй кешені толықтай сүріледі.
Басқарма ақпаратына сүйенсек, нысанды «Tennis.kz» ЖШС салған, эскиздік жоба келісілмеген, авторлық және техникалық қадағалау, сараптама қорытындысы жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабардар етпеген.
Тапсырыс берушіге қатысты басқарма ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 462-бөлігі бойынша...