Ұлттық қордан 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап балалардың есеп-шотына аударылатын ақша көлемі бірдей болады. Ешкім артық, не кем ақша алмайды. Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазин осылай мәлім етті.
«Ұлттық қор төлемін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2024 жылғы 1 ақпаннан аударады. Төлем жылына бір рет жасалады. 18 жасқа толмаған барлық балаға бірдей сома аударылады. Ал кәмелет жасына 2024 жылы толатын балалар қаражат шотына түскен сәттен бастап өтінім беріп, ақшаны пайдалану мақсатын растайтын құжатты көрсету арқылы қаражатты тиісінше пайдалана алады», – деді Айбол Арғынғазин журналистерге...