Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қылмысқа қарсы іс-қимыл және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету саласында шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Бұл ретте, жұмыстың едәуір көлемі экстрадиция сияқты маңызды бағытта жүзеге асырылады, бұл құқықтық институт ретінде азаматтардың конституциялық құқықтарына айтарлықтай әсер етеді- деп, хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экстрадициялау рәсімі іздеудегі адамды ұстауды, оған қатысты соттың санкциясымен 40 тәулікке уақытша күзетпен ұстауды, содан кейін 12 ай мерзімге экстрадициялық қамаққа алуды қамтиды. Осы уақыт ішінде күзетпен ұстаудағы адамға қатысты экстрадициялық тексеріс жүргізіледі және оны шет мемлекетке беру мүмкіндігі туралы шешім қабылданады. Бұл ретте, Бас прокуратураның құзыретіне іздеудегі адамдарды экстрадициялау туралы...