2023 жылғы 26 қазанда Самұрық-Қазына мен Ұлттық банк «ҚазМұнайГаз» компаниясының 122 024 мың дана жай акциясын сатып алу-сату шартын жасасты. Мәмілені жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл туралы ҚМГ-ның қаржы есебінде жазылған.
Ұлттық банктің валюта нарығы туралы қазан айындағы ақпараттық хабарламасында республикалық бюджетке трансферт бөлу және ҚМГ акцияларын сатып алу үшін Ұлттық қордан 1,5 млрд АҚШ доллары сатылғаны жазылған.
Сосын Ұлттық банк компания акцияларын сатып алуға қазан айында нақты 500 млрд теңге жұмсағанын хабарлады. Ұлттық банк бұл шара Үкімет шешіме негізінде жасалып отырғанын айтады. Осыған дейін Үкімет республикалық бюджетті қаржыландыру үшін Ұлттық банк қордың 1,3 трлн теңге...