Ресейлік астықты Қазақстан арқылы Өзбекстан, Ауғанстан мен Тәжікстанға заңсыз экспорттағандар анықталды. Тасымалданған астық құны – 1 млрд теңге.
Сұр импортының схемасын ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті облыстық көлік прокуратурасымен бірлесіп анықтаған.
«ЖШС 2021-2022 жж. 1 млрд теңгеден астам сомаға 8,3 мың тонна ресейлік астықты Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға экспорттаған», дейді ҚМА.
Бұл ретте қазақстандық компания жеңілдетілген экспорттық тарифті пайдалану үшін отандық шаруа қожалықтарынан астықты қазақстандық деп растайтын жалған шот-фактуралар алған көрінеді.
«Бұл транзиттік тарифтен жалтарып, «ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС-не 150 млн теңгеге жуық сомасында залал...