2022 жылғы статистикаға үңілсек, бүгінде әлемде 281 миллионға жуық халықаралық мигрант бар екен. Бұл дегеніміз — Жер шары тұрғындарының 3,6 пайызы. Жаһандық миграция жасаушылар, яғни туып-өскен елінде емес, басқа елге көшіп, жұмыс істеп жатқандар саны жыл сайын артып келеді. Демек, басқа елдің азаматтығын алады. Бүгінгі материалымызда әлемнің әр елінде азаматтық алу процесі қалай жүретініне тоқталамыз. Құны қанша, шарты қандай, таңдау жасағанда нә нәрсеге мән беру керек — осы жайлы ақпарат береміз.
Тұрақты тұруға рұқсат пен азаматтықтың айырмасы
Бір қарағанда берілетін құқықтары ұқсас болғанымен, бұл екі түсініктің айырмашылығы бар. Алдымен осыны түсіндіріп өтелік. Екеуінде де өзге елдің аумағында заңды тұруға...