18-20 қараша аралығында Қазақстанның кей өңірлерінде қатты дауыл тұрып, аймақ басшылары төтенше жағдай жариялаған.
Павлодар облысы әкімдігінің хабарлауынша, аймақ басшысы Асайын Байханов сенбіден жексенбіге қараған түні болған дауылдан кейін жиын өткізіп кінәлілерді іздеген. Әкім қала, аудан әкімдері мен бірнеше өңірлік ведомство басшыларына қатаң талаптар қойып, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Салхановты қызметінен босатқан. Отырыстан кейін жергілікті деңгейде ТЖ жариялау шешімі қабылданған.
Дауыл салдарынан Баянауыл, Павлодар, Шарбақты, Май, Успен, Аққулы аудандарындағы 83 әлеуметтік нысанның шатырлары ұшып кетті. Олардың ішінде 61 мектеп, 10 аурухана, 9 мәдениет үйі және 3 спорт кешені бар. Сонымен қатар, қатты жел 63 көпқабатты және...