Шетелде орыс тілді БАҚ-тарды ілгерілетуге көп көңіл бөлу жоспарлануда. Бұл туралы 17 қарашада Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенко ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 56-шы пленарлық отырысында мәлімдеді.
Матвиенко атап өткендей, «біз орыс тілді БАҚ-ты шетелдік медиа кеңістікте ілгерілетуге көп көңіл бөлетін боламыз». Сонымен қатар, орыс тілін насихаттау және қолдау мәселесінде орыс тіліндегі ашық білім беру және орыс тілін оқыту орталықтары маңызды рөл атқарады, деп қосты ол.
Ол ТМД елдері орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас және интеграциялық диалог тілі ретінде сақтауға және дамытуға дайын екендіктерін көрсетті деп мәлімдеді.
«Славян университеттерінің, сондай — ақ ресейлік жоғары оқу орындарының шет мемлекеттердегі филиалдарыны...