Әлемдегі ең ірі криптобиржа Binance кеше іске қосылған цифрлық теңгеге байланған стейблкоинді тест режимінде іске қосқанын хабарлады.
Жаңа стейблкоинның курсы – цифрлық теңгемен 1:1. Binance ақпаратына сүйенсек, инвесторлар аудиторларсыз-ақ стейблкоинның құны цифрлық теңге құнымен тең екенін көре алады.
«Стейблкоинді қолданудың басты артықшылығы – ашықтық пен айқындылық. Осы стейблкоин моделін шығарудың басты мақсаты цифрлық теңгені пайдаланатын адамдардың тәуекелін едәуір төмендетіп, нақты уақыт режимінде «Қамтамасыз ету дәлелі» сервисін пайдаланып, ашықтық принципіне жұмыс істеу болып отыр», – делінген хабарламада.
Пилоттық жоба шеңберінде криптобиржа цифрлық теңгемен қамтылған стейблкоиндерді шығарудың тәуекелдерін зерттеп, екі тараптың рөлі мен жауапкершілігін айқындауға ниетті. Ұлттық банк осы зерттеу нәтижелерімен әртүрлі платформаларды...