Дәуренбек Мәжитов: Банкнота жасайтын қағазды әлі күнге шетелден сатып аламыз, бұл – өте тиімді тәсіл
Бүгін, төл валютамыз – теңгенің тарихи айналымға енгеніне 30 жыл толды. Осы ордалы уақыт ішінде дербес валютамыз арқылы ұлттық экономикамыздың негізі қаланып, қаржы нарығы қалыпты даму ырғағын тапты. Әсіресе, банк секторы айтарлықтай өсім көрсетіп, алдыңғы қатарлы технологияларды сәтті іске қосып жатыр. Бірнеше рет теңгенің дизайны ауысып, нарықтық құны да талай өзгерді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ақшамызды Англияда басып шығарсақ, қазір өз банкнота фабрикамызда басамыз. Тиындар Өскемендегі теңге сарайында соғылады. Мереке қарсаңында ұзақ жылдар бойы Ұлттық банк қолма-қол ақшамен жұмыс істеу департаментінің директоры, Ұлттық банктің Қарағанды филиалының басшысы, Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі қызметтерін абыроймен атқарған Дәуренбек Мәжитовпен сұхбат құрдық. Профессор қазір Астанадағы...