Фото: kursiv.media
Сауд Арабиясының ACWA Power компаниясы Жетісу өңірінде салатын жел электр станциясы 2029 жылы іске қосылады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Тараптар Жетісу облысындағы Жоңғар қақпасы аумағында салынатын қуаты 1 ГВт жел электр стансасын іске қосу уақыты 2029жыл деп бекітті», – делінген қор басшысы мен ACWA Power өкілдерінің кездесуінің қорытындысында.
«Самұрық-Қазына» Жоңғар қақпасы аймағында ЖЭС салынатынын «Самұрық-Қазына» қоры биыл жазда хабарлаған.
Астанада өткен халықаралық форум аясында Самұрық-Қазына, ҚР Энергетика министрлігі, Жетісу облысы әкімдігі және ACWA power компаниясының басшылығы ЖЭС жобасын іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар...