Алатаu City жобасы Оңтүстік Кореяда таныстырылды. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Сеулдегі Alatau Rise With Kazakhstan Forum аясында...
Жаңалықтар
Астана әкімдігі Республика күніне орай атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушыларға қосымша бір реттік төлем жасайды. Төлем мөлшері 4,5 АЕК (17,7 мың теңге) болады.
Әкімдіктің хабарлауынша, бір реттік көмек мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне сәйкес беріледі. Төлем 25 қазанда жасалады.
Көмек алушылардың тізімін Астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жинақтайды. Қаражат 25 қазанға дейін түскен АӘК алушылардың өтініші негізінде беріледі.
Айта кетейік, 2025 жылы Астанада атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 900 отбасыға азайып, 7,7 мың адам болды.
Қазақстандықтар Республика күніне орай қазанда қосымша бір күн демалады. Биыл 25 қазан сенбіге түсіп тұр, сол себепті демалыс дүйсенбі – 27 қазанға ауыстырылады.
Ұлыбритания Ресейдің «Лукойл», «Роснефть» мұнай компаниялары санкция салды. Миллиардер Вагит Алекперовтің Қазақстанда бірнеше ірі мұнай жобасы бар. Лондон шектеулері олардың жұмысына қалай әсер етеді?
«Лукойл» Қазақстанға 1995 жылы келді. Биыл оның республикадағы жұмысына 30 жыл толды. Екі бұрын ғана – 14 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай компаниясының басшысы Вагит Алекперовті Ақордада қабылдаған.
Мемлекет басшысы миллиардерді елдің «энергетика әлеуетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін» І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған. «Лукойл» басшысы ғана емес, компанияның Қазақстанда істейтін бірнеше қызметкері де мемлекеттен сыйлық алған.
Ертесіне, 15 қазанда Ұлыбританияның «Лукойлды» санкцияға іліккендер тізіміне қосқаны мәлім болды.
Компанияның ресми сайтындағы мәліметке қарағанда, Қазақстанда...
2026 жылдың І жартыжылдығында әлемдік нарықта мұнай бағасы 55 долларға дейін арзандауы мүмкін. Оған АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленісі мен ОПЕК+ елдерінің өндірісті арттыруы әсер етеді.
Bank of America (BofA) 15 қазан күні жариялаған болжамында, егер АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленістері күшейіп, ОПЕК+ ұйымдары мұнай өндірісін арттырса, Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 50 доллардан төмен түсуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Банк 2025 жылдың төртінші тоқсанына Brent бағасын 61 доллар, ал 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына 64 деңгейінде болжай отырып, бағаның ең төменгі шегі шамамен 55 доллар болатынын атап өтті. Қазір Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 62,47 АҚШ...
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қарызға өмір сүретінін мойындап, авиабилеттерді сатып алғанда да бөліп төлеу рәсімдерін қолданатынын айтты.
Парламенттегі кулуарда журналист депутаттан оның қанша бөліп төлеу борышы бар екенін сұраған.
«Мысалы, мен тіпті авиабилеттерді бөліп төлеп аламын. Онда, менің есебімше, шамамен сегіз-тоғыз бөліп төлеу қарызым бар. Алматымен байланыста болу, шығу, халықпен кездесулер өткізу керек қой. Сондықтан жалақыны күтеміз. Мен бизнес саласынан келген жоқпын, қарапайым заңгермін. Құқықтық және сот тәжірибесін толық аяқтадым, сондықтан тек депутаттық жалақымен өмір сүреміз», – деді ол.
Базарбектің айтуынша, кейде ол бөліп төлеу рәсімін пайдалану арқылы өңірлердегі тұрғындармен кездесулер өткізу мүмкіндігін қамтамасыз...
Ресей-Украина арасындағы соғыста Қазақстанның 270 азаматы қайтыс болған. Бұл жайлы соғыста өлгендер мен із-түссіз жоғалып кеткендер жайлы дерек жинайтын украиналық «Хочу жить» жобасы жазады.
Қайтыс болғандардың ең жасы – 19 жастағы Андрей Богомолов. Ең үлкені – 64 жастағы Александр Ялфимов, ол 254-ші мотоатқыштар полкінде болған.
«Кремль Қазақстан азаматтарын соғысқа қатысу үшін жалдауды жалғастырып жатыр. Бұл жұмыс тек Қазақстан аумағында ғана емес, Ресейде тұратын қазақ азаматтары арасында да жүргізілуде. Ресейдегі қазақстандықтарды негізінен түрмелерде, еңбек мигранттарының арасында және жуырда Ресей азаматтығын алғандар ішінен іздейді»,- деп жазады «Хочу жить» жобасы.
Жоба авторларының жазуынша, Мәскеу интернет-жарнама, жұмыс тауып...
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасына қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, сонымен бірге елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған түзетулер енгізіп, қажетті шешімдер қабылдау міндеті жүктелді», – делінген ресми мәліметте.
Мемлекет басшысы үкіметтің экономикалық саясатының негізгі параметрлері Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді, сонымен қатар онда жаһандық конъюнктура мен қазіргі нарықтық үрдістер ескерілген деп санайды.
Шағын ресми мәліметте үкіметтің бұдан басқа нақты қандай шаралар қабылдауы керектігі айтылмаған. Биыл Бектенов бастаған...
Қызметкерлеріне дөрекі сөйлеген видеосымен танылған Асан Үмбетов «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның директоры атанды, бұған дейін директор орынбасары қызметінде болған еді. Бұл туралы журналистер сауалына ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.
Осы жылы шілдеде Үмбетовтің қол астындағы қызметкерлерімен Zoom-дағы жиналыстағы видеосының үзіндісі тарап кеткен. Ол рельстен шыққан вагонды бір жарым сағат сүйреген жұмысшыларға ұрсып, арасында бейәдеп сөздерді қолданып, балағаттайды. Видеоны мыңдаған адам көріп, қоғамда кеңінен талқыланды.
ҚТЖ баспасөз қызметі ол іске қатысты пікір білдіріп, Үмбетовтің этиканы бұзғанын айтып, түсіндіру жұмысын жүргізген. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов қызметкерін қорғап, оның қатты сөйлегені жақсы нәтиже бергенін айтты. Үмбетов қызметін сақтап қалды.
Асан...
Қазақстан шекарада тұрып қалған тасымалдаушыларға қатысты Ресейге нота жіберді.
Еуразиялық экономикалық комиссия жанынан халықаралық тасымалдар мәселесіне байланысты жедел штаб құрылды. Қазақстан тарапы мәселені шешу үшін бірқатар дипломатиялық және ведомствоаралық қадамдар жасап жатыр.
Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне ноталар жолдап, тиісті органдармен бірлесіп шешім әзірлеуді ұсынған. Бұл мәселе қазір екіжақты және көпжақты форматтағы кездесулердің күн тәртібінде тұр, соның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия деңгейінде де қарастырылып жатыр.
Сонымен қатар министрлік қазақстандық тасымалдаушыларға Ресей заңнамасының қолданыстағы нормаларын, соның ішінде ел аумағында болу мерзімін қатаң ескеруді және бағыттарын ықтимал тәуекелдерді ескере отырып жоспарлауды ұсынды.
Көлік министрлігінің мәліметінше...
Астана қаласында бес қабатты қонақүй өртеніп, 60-қа жуық адам эвакуацияланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
16 қазанға қараған түні Астананың Сарыарқа ауданында, Республика даңғылы бойында орналасқан бес қабатты қонақүйде өрт шықты. Екінші қабаттан бесінші қабатқа дейінгі электр сымдары жанып, от жалпы 12 метр аумақты шарпыған.
ТЖД күштері 50 адамды эвакуациялады. Тағы сегіз адам, оның ішінде екі бала үш иінді сатымен құтқарылды.
Министрлік өрт толық сөндірілгенін, ешкім зардап шекпегенін хабарлап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 9 қазанда Павлодар облысында ер адам әйелі мен үш қызын өрттен құтқарып, өзі көз жұмған. Қыркүйектің аяғында Алматы қаласында екі қабатты үй өртеніп...
Қонаев қаласында ер адам Қапшағай су электр станциясындағы көпірден суға секіріп кеткен. Құтқарушылар оны судан аман-есен алып шықты, деп хабарлайды Kursiv.Media.
«Бүгін «112» желісіне Алматы – Өскемен автожолында, Қапшағай су электр станциясы маңында ер адамның көпірден суға секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама түсті», – делінген ТЖМ ақпаратында.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары, психолог маманы және полиция қызметкерлері жедел жетіп, ер азаматпен сөйлесіп, оны тыныштандыруға тырысқан. Алайда ер адам кенеттен суға секіріп кеткен.
Оның артынан суға құтқарушылар түсіп, оны дер кезінде судан аман алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ер адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Ақтөбе қаласында прокурорлар алаяқтықтың алдын алу үшін жасанды интеллектісі бар роботты алғаш рет қолданды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Keruen City сауда орталығында Тәртіп-Бекет атты робот іске қосылды.
«Жасанды интеллект технологиясы негізінде жасалған ақылды көмекші ойын түрінде тұрғындарға алаяқтардан қалай қорғану керектігін айтады. Жеке және банктік деректерді жария етпеу, күдікті сілтемелерді ашпау және ақпарат көздерін тексеру жолдарын көрсетеді», — деді ұйымдастырушылар.
Олардың айтуынша, мұндай қарым-қатынас форматы өте тиімді болған. Тұрғындар роботқа сұрақ қойып, қызығушылық жоғары болған.
Прокуратура тұрғындардың цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру үшін осы кеңесшіні Ақтөбе облысы бойынша тасымалдауды жоспарлап...
Сирияның жаңа басшысы Ахмед аш-Шараа Мәскеуге сапары кезінде Башар Асад кезінде жасалған келісімшарттардың күшінде қалатынын растады. Яғни Сириядағы Ресей әскери базаларын сақтап қалуға уәде берді.
Қандай келісім?
DW ақпаратына сүйенсек, Ахмед аш-Шараа 15 қазанда Мәскеуге сапары барысында Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. Аш-Шараа Сириядағы екі ресейлік әскери базаның – Хмеймим әуе базасы мен Тартустағы Әскери-теңіз базасының болашағына алаңдамау туралы сөз қозғаған.
2024 жылдың соңында Аш-Шарааның қарулы тобы Мәскеуден қолдау алып отырған Башар Асад билігін құлатқан. Ресей Асадқа осы Аш-Шарааның қарулы тобымен күресу үшін ұзақ жылдар бойы қолдау көрсетіп келген. Алайда Сирияның жаңа басшысы бұл туралы сөз қозғамаған.
13 жастағы қазақстандық Марк Смирнов шахматтан 2 дүркін Әлем чемпионы болды. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
Албанияның Дуррес қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жастар арасындағы шахматтан әлем чемпионатының соңғы тур ойындары әлі жалғасып жатыр. Алайда 13 жастағы Марк Смирновты қазірдің өзінде құттықтауға болады – ол чемпион атанып үлгерген.
Айта кетейік, 2024 жылы Марк Смирнов 12 жасқа дейінгі санатта (U12) әлем чемпионы атанған еді. Биыл ол келесі жас санатына – 14 жасқа дейінгі топқа (U14) өтіп, тағы да өз шеберлігін дәлелдеді.
2025 жылғы жастар арасындағы шахматтан әлем чемпионатының (FIDE World Youth Chess Championships 2025) соңғы туры...
Қазақстанның батысы мен шығысында тұман болады деп болжануда. Ал оңтүстікте аяз болады. «Қазгидромет» 16 қазанға арналған ауа райы болжамы ұсынылды.
Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с., түнде ауа температурасы -5-7°C, күндіз +7+9°C.
Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с., түнде температура -1-3°C, күндіз +14+16°C.
Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с., түнде ауа температурасы +8+10°C, күндіз +25+27°C.
Ақтауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с., түнде ауа температурасы +10+12°C, күндіз +18+20°C.
Ақтөбеде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., түнде ауа температурасы +5+7°C, күндіз +14+16°C.
Атырауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 6-11 м/с., ауа температурасы түнде +6+8°C, күндіз +13+14°C.
Жезқазғанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел екпіні 15-18 м/с дейін...
Израиль Газа аймағының билігіне 45 палестиналықтың денесін тапсырды, деп хабарлады анклавтың Денсаулық сақтау министрлігі.
Екі тарап арасында келісім жасалған сәттен бастап Газа 90 адамның сүйегін алды. Олардың Израиль түрмелерінде қайтыс болғанын немесе әскери операция кезінде денесі аймақтан шығарылғанын нақты жария етпеген.
«Медицина қызметкерлері бекітілген хаттамаларға сәйкес сараптама жүргізеді, құжаттарды рәсімдейді және марқұмдардың денесін отбасыларына табыстауға дайындайды», — делінген Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде.
Келісімнің шарттары бойынша Израиль қайтып оралған әрбір израильдік үшін 15 палестиналықтың денесін тапсыруы керек.
Газа аймағын 15 палестиналық технократтан тұратын уақытша әкімшілік комитет басқарады.
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданына қарасты Черемшанка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шығып, көрші үйде тұратын азамат екі баланы өрттен алып шыққан, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Төтенше жағдайлар министрлігің хабарлауынша, үйдің шатыры, жиһаздары мен мүлік өртеніп, үйдің ішінде 4 бала үлкендердің қарауынсыз қалған. 4 және 2 жастағы екі баланы көрші Дмитрий есімді азамат алып шыққан. Ол өз әрекетін жария етпеуді сұрап, оның орнында кез келген азамат осылай істейтінін айтқан.
«2012 және 2019 жылы туған екі үлкен бала өздері үйден шығып, көмек сұрап көрші үйге жүгірген. Көршісі Дмитрий Недозрелов, бір сәтке де ойланбастан, жанып жатқан үйге...
Алматы әкімдігі қалада бағаны тұрақтандырып ұстап отыру үшін тұтыну нарығында жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қала әкімінің орынбасары Олжас Смағұловтың айтуынша, қалада халық табысын қорғауға бағытталған бірқатар іс-шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, сумен қамту, су бұру, электр және жылумен қамту тарифтері төмендеген.
«Қыркүйек қорытындысы бойынша Алматыдағы жылдық инфляция деңгейі – 13,2%. Көрсеткіш орташа республикалық деңгейден сәл ғана жоғары. Азық-түлік тауарларының қымбаттауы ел бойынша ең төменгі көрсеткіштің бірі – 9,2%», – деді әкімнің орынбасары.
Смағұловтың айтуынша, бағаны тұрақтандыру бағдарламасы аясында тауар тасымалдаушылармен тікелей келісімшарттар жасалып, демалыс күнгі жәрмеңкелер мен фермерлерден өнім жеткізу арналары...
Төреғали Төреәлі өзінің 10 жасар қызы Кәусардың атын беріп, ерекше балаларға арналған қайырымдылық қорын ашты, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Ақпаратпен әлеуметтік желіде журналист Айгүл Мүкей бөлісті.
«Төреғалидің қызы Кәусардың ерекше диагнозы бар екенін өнер иесі бұған дейін де ашық айтқан еді. Бүгіннен бастап ол өз табысының 10 пайызын арнайы құрылған фондқа аударуға шешім қабылдады. Жаңа фондтың атауы — «Кәусар», – деп жазды журналист.
Оның айтуынша, қордың басты мақсаты — ерекше қажеттілігі бар балалардың емделуіне, дамуына және қоғамға бейімделуіне көмек көрсету. Қорды Төреғалидің жары Толқын басқарады.
«Төреғали қызы Кәусарға жаңа ән...
Шымкент қалалық соты Түркістан облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Ғалымжан Жұмашевтың апелляциялық шағымын қарай бастады, деп хабарлайды Kursiv.Media. Оны сот шілде айында 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған еді.
15 қазан күні Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» және «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру» бабымен сотталған Түркістан облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Ғалымжан Жұмашевтың апелляциялық шағымын қарай бастады. Ол кінәсін мойындамаған, бірінші сатылы сот үкіміне келіспеген.
Менің қорғауымдағы Ғалымжан Жұмашевқа қатысты қылмыстық іс екі жағдайда қысқартуға жатады. Біріншіден, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде және сот тергеуінде Жұмашевтың Конституциялы...
Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытайдың Бас кеден басқармасымен шошқа етін тексеру, карантин және қауіпсіздік талаптарын реттейтін келісімге қол қойды. Енді Қазақстан ҚХР-ға шошқа етін экспорттай алады, деп хабарлады Kursiv.Media.
Бұған дейін қазақстандық шошқа еті Қытай нарығына тасымалданбайтын, себебі кәсіпорындардың экспортқа рұқсаты болмаған. Жаңа құжат мұздатылған және салқындатылған етті ғана емес, сонымен қатар, ішек-құрылыс өнімдердің экспортына рұқсат береді.
Министрлік хаттамаға қол қою шошқа шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін жаңа перспективалар туғызатынын атап өтті. Экспортты кеңейту кәсіпорындардың жүктемесін ұлғайтуға және ауылдық аумақтардың дамуын қолдауға мүмкіндік береді.
«Хаттама – Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық және сауда...
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армениямен көші-қон ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы Заңға қол қойды, деп хабарлайды Kursiv.Media. Құжат екі ел азаматтарына визасыз 90 күнге дейін жүруге мүмкіндік береді.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген Ақорда хабарламасында.
Сондай-ақ президент Армения азаматтарының Қазақстанға келу тәртібіне қатысты келісімді ратификациялауға қол қойды.
Келісім екі елдің азаматтары бір-бірінің аумағында 90 күнге дейінгі мерзімге визасыз баруы туралы ережені бекітеді. 90 күннен асқан жағдайда, олар уақытша тұруға рұқсат ала алады...
Ұлыбритания ең ірі ресейлік мұнай-газ өндіруші компаниялар – Лукойл мен Роснефтьке қарсы санкция енгізді. Ақпарат Ұлыбритания үкіметінің сайтындағы санкциялар тізімінде жарияланған, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Санкция әсерінен аталмыш компаниялардың Британиядағы активтері бұғатталды. Шара трасттар мен көліктерді де қамтиды.
«Ресей Үкіметі үшін стратегиялық маңызы бар секторда, атап айтқанда, энергетикалық секторда бизнес жүргізуге байланысты», – деп көрсетілген құжатта.
Айта кетейік, бұған дейін компаниялар секторлық санкцияға ұшыраған. Яғни олар өндіретін өнімді Ұлыбританияға тасымалдауға тыйым салынған.
Санкциялар, әсіресе, Роснефтьке ауыр соқпақ. Себебі компанияға тиесілі, компания бақылайтын, жарғылық немесе эксплуатациялық кемелерді Ұлыбритания портына кіргузе тыйым салынды. Сол сияқты...
Әлеуметтік желіде Ақтөбеде бір үйдің бес баласы халықтан көмек сұраған видео тарады. Ол жерде бес баланың үлкені Құралай анасына бір күнде шизофрения диагнозы қойылғанын айтқан. Тіпті 40 күн жындыханада жатып шыққаннан кейін анасының танымастай өзгергенін жеткізді.
Видео түсірілген кезде жасөспірімдер қиын жағдайға тап болған балалар паналайтын «Аяла» орталығында тұрып жатқан.
Құралайдың айтуынша, бес бала нағашы әжесінің үйінде тұрған. Әжесі баспанасын сатқан соң балалары арасында мүлікке талас басталған. 2025 жылдың 13 сәуірінде бес бала тұрып жатқан үйге арнайы бригада келіп, анасын жындыханаға алып кеткен.
«Бір күнде анамызды жындыханаға жатқызып, бізді орталыққа жіберді. Бауырлар мүлікке таласты...