Талдықорған қалалық полиция басшысы Марат Күштібаев әйел зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Бұл жайлы Жетісу облыстық полиция басқармасының басшысы Атығай Арыстанов хабарлады.
«Талдықорған қалалық полициясының басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 27 жастағы облыс орталығының тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі (қызметтік міндеттерін атқара отырып жасаған адам зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мән-жайлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындаумен тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс тергеуі ҚР Ішкі істер министрлігі ерекше бақылауға алды», – деді басқарма басшысы.
Күдікті сонымен бірге көпшілікке боқтампаздығымен де танымал. Оның қызмет бабында балағат сөздер айтқаны талай...