Әзербайжанның мемлекеттік SOCAR мұнай компаниясы Маңғыстау облысындағы Дұңға мұнай-газ кен орнын игеру жобасына қатысуға ниетті. Бұл жайлы Қазақстанның энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Report.az порталына берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазір «ҚазМұнайГаз» бен SOCAR арасындағы мұнай барлау және өндіру саласындағы әріптестік кеңейіп келеді. Екі елдің энергетика министрліктері бірлескен жобаларды жүзеге асыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.
«Қазақстан мен Әзербайжан арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжатта ықтимал бірлескен жобалардың кең ауқымы қарастырылған. Солардың бірі – Маңғыстау облысындағы Дұңға кен орны. SOCAR бұл жобаға қатысуға қызығушылық білдірді. Қазір келіссөздер белсенді жүріп жатыр. Біз Әзербайжан Энергетика министрлігін...