Экономикалық сарапшы Айбар Олжай дәл қазір үй алуға, ипотека рәсімдеуге қолайсыз уақыт екенін ескертті. Бұл туралы ол өзінің Фейсбук парақшасына жазды.
Неге?
Сарапшы халықты 20%-дан асатын ипотекаға жоламауға шақырды. Себебі бұл ең қымбат өнім. Әрі аннуитетте болған жағдайда оны төлеп біту де мүмкін болмайды.
«Сосын дәл қазір үй алатын уақыт емес. Үй бағасы әлі күшіне енбеген, бірақ риелторлар мен брокерлер жан ұшыра қоздырып жатқан ҚҚС (Қосылған құн салығы) ажиотажымен сабын көбігі сияқты көпіріп өсті. Бір қызығы, ҚҚС қолданыста болған үйлерге еш қатысы жоқ дүние. Ал жаңа салынып сатылған үйлер еліміздегі баспананы алып-сату нарығының көп...